Сурет: Egemen Qazaqstan
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы, Қырғызстанның қоғам қайраткері Роза Айтматова 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Роза Айтматова 1937 жылы 8 наурызда туған. Талас қаласында орта білім алған соң Қырғыз әйелдер педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, кейін аспирантураны да бітірген.
Ол ғылым мен білім саласына бар саналы ғұмырын арнады. Қырғызстан Ғылым академиясында еңбек етіп, жоғары оқу орнында физикадан дәріс берген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты атанған оның 200-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбегі жарық көрген. Бірқатар мемлекеттік марапаттың иегері.
Білім беруді дамытуға сіңірген көп жылғы еңбегі үшін оған Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген білім беру қызметкері атағы берілген. 2011 жылы «Данк» медалімен марапатталса, 2019 жылы III дәрежелі «Манас» орденін алған.
Айта кетейік, оның ағасы, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов 2008 жылғы маусымда 79 жасында Германиядағы клиникалардың бірінде қайтыс болған. Жазушының өліміне өкпенің қабынуы себеп болған.
Еске салайық, танымал жапон жазушысы Мураками дүниеден өтті.
Мазмұнға өту
