Сурет: aqorda_resmi
Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты шара аяқталған соң мемлекет басшылары келіссөздер жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына бет алды. Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
