Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының басшысы, кәсіпкер және меценат Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта Тимур Турловқа әлемдік деңгейдегі беделді ұйымның басшысы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.
Президент отандасымыздың жаңа қызметінде халықаралық шахмат қауымдастығының дамуына үлес қосып, жоғары нәтижелерге жететініне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа шетел көшбасшыларынан көңіл айту жеделхаттары келді.
