Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.
