Басты тақырып

Тоқаев Түрікменстан Президентін туған күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке туған күніне орай жеделхат жолдап, құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстанның даму жолына түсіп, мемлекеттілігін нығайтып, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру мен халықаралық аренадағы позициясын күшейтуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз», деп жазды Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат пен бауырлас түрікмен халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін еске саламыз.

Көп оқылғандар