Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары барысында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев жылы қарсы алып, қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президентіне ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ достық, тату көршілік және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қатынастарының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Тараптар ынтымақтастықтың барлық саласында оң өзгерістер байқалатынын атап өтті. Екі ел басшылары бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және өзге де салалардағы бірлескен перспективалық жобалардың іске асырылу барысын талқылады.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылып, алдағы бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барып, Орталық Азия мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты.
