Басты тақырып

Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-министрі әрі Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға жеделхат жолдап, інісі шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент өз жеделхатында шейх Ахмед Әл Мактумның БАӘ-нің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.

Көп оқылғандар