Басты тақырып

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі мен халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесіне тоқталды.

Тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін де қарастырды.

Көп оқылғандар