Сурет: aqorda_resmi
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Германияның еліміз үшін Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктес екенін, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенім, құрмет және ортақ мүддеге негізделгенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы дипломатиялық қарым-қатынасқа 35 жыл толатынын еске салды. Осы уақыт ішінде екі мемлекет серіктестіктің барлық саласында айтарлықтай жетістікке жетті.
Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ол Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.
