Басты тақырып

Тоқаев Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президенті Бола Ахмед Тинубуға елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан басшысы Нигерияны Африка құрлығындағы сенімді серіктес санайтынын жеткізді. Сонымен қатар ол екі ел арасындағы саяси диалогты күшейту мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қолдау білдіретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне жауапты қызметінде табыс тілеп, нигериялық халыққа бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Қазақстан Президентінің Бавария Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесуі туралы хабарланған болатын.

Көп оқылғандар