Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мыңжылдық» аллеясы мен Greenline желілік паркінің екінші кезеңіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, сол күні Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде жастар мен экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш отырғызды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушыларға сөз сөйледі.
