Басты тақырып

Тоқаев Астана әкіміне граффитиге қатаң шара қолдануды тапсырды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимарат қабырғаларына граффити салатындарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, еліміздің қалаларында мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Сондай-ақ ол әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» бұл түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.

Көп оқылғандар