Басты тақырып

Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сол өкіммен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбековтің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ұсталғанын мәлімдеген еді.

Оған қоса, Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі үш лауазымды тұлға қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Көп оқылғандар