Ақорда

Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды

Сурет: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл болып бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымдарында қызмет атқарды.

2006–2010 жылдары «Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды.

2010–2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі қызметін атқарды.

2015–2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы болды.

2017–2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2019–2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары болды.

2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Еске салайық, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Ізбергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалса, Бекбол Орынбасаров өңір басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Көп оқылғандар