Басты тақырып

Шардарада 31 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қолдауымен екі жыл ішінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты.

Жоба Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, қаланы Шардара су қоймасына тәуелділіктен арылтады. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 39,3 шақырымды құрайтын екі магистральдық су құбыры тартылып, таза суға арналған төрт резервуар мен су тазарту қондырғысы салынды.

Сондай-ақ бірінші және екінші көтергіш сорғы стансалары бой көтерді. Бұдан бөлек, тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.

Көп оқылғандар