Спорт

Рыбакина Tennis Abstract рейтингтерінде көш бастады

Сурет: Atameken Business

Теннисші Елена Рыбакина Tennis Abstract басылымының маусымдық yElo және жалпы Elo рейтингтерінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Маусымдық yElo рейтингінде Рыбакина 2166,8 ұпай жинап, ресейлік Мирра Андрееваны (2146,1) және америкалық Кори Гауффты (2144,0) артта қалдырды.

Жалпы Elo рейтингінде Елена Рыбакинаның еншісінде 2159,2 ұпай бар. Екінші орында – Арина Соболенко (2139,0), үшінші орында – Кори Гауфф (2128,2).

Еске салайық, Елена Рыбакина US Open чемпионы атанғаннан кейін ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Көп оқылғандар