Сурет: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды рейтингінде 8099 ұпаймен көш бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, ол Қазақстан тарихында жылды әлемдік теннис рейтингінің көшбасшысы ретінде қорытындылаған тұңғыш спортшы болды. WTA тарихында мұндай жетістікке 17-ші теннисші ретінде қол жеткізді.
Еске салайық, Рыбакина US Open чемпионы атанғаннан кейін ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.
Мазмұнға өту
