Басты тақырып

Рудныйда әйел бесінші қабаттан дәмхана шатырына құлады

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі

Рудный қаласында тұратын әйел Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі үйдің бесінші қабатынан дәмхананың үстіне құлап түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға болған жерге құтқарушылар мен медицина қызметкерлері дереу келді. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арқан мен зембілдің көмегімен зардап шеккен әйелді абайлап төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Сонымен қатар ТЖМ өкілдері Алматы қаласының Әуезов ауданындағы «Ақсай-1А» шағын ауданында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің тұрғындарын өрттен аман алып шықты.

Құтқарушылар автосаты, құтқару қалпақтары мен баспалдақты пайдаланып, 26 адамның, оның ішінде 2 баланың өмірін сақтап қалды.

Көп оқылғандар