Сурет: ашық дереккөзден
Бразилия футболының аңызы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қайта оралды. 46 жастағы футболшы Италияның үшінші дивизионындағы «Равенна» клубы сапында «Форлиге» қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
С сериясының 14-туры аясында өткен бұл ойында Роналдиньо 36-минутта гол соғуға мүмкіндік жасаған шабуылға қатысты.
Оның соңғы ресми матчы 2015 жылғы 26 қыркүйекте «Флуминенсе» сапында өткен болатын. 2018 жылдың қаңтарында ол кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған еді.
2026 жылдың жазында бразилиялық футболшы «Равенна» клубымен келісімшартқа отырып, команданың акционерлерінің біріне айналды. Клуб президенті Иньяцио Чиприани Роналдиньоны командаға шақыруды көптен бергі арманының орындалуы деп атады.
Роналдиньо – 2002 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы «Алтын доп» иегері. Кәсіби мансабында 299 гол соққан.
Мазмұнға өту
