Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қорғаныс министрлігінің бірқатар жоғары лауазымды әскери қызметшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
