Басты тақырып

Қонаевта көлік қағып кеткен бала оқиға орнында қаза тапты

Сурет: ашық дереккөз

Қонаев қаласында Hyundai автокөлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Адам өлімімен аяқталған жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Түскен мәліметтерге қарағанда, оқиға қаланың 10-шағынауданында тіркелген. Полиция өкілдері апаттың 20 қыркүйек күні кешкі сағат 18:40 шамасында Қонаев қаласындағы көшелердің бірінде болғанын растады.

Алдын ала деректерге сәйкес, Hyundai көлігін 22 жастағы жүргізуші басқарған.

«Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», деп хабарлады полиция.

Тергеу барысын полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное ауылында Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккендердің бірі ауыр жарақаттан сол жерде қаза тапса, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Көп оқылғандар