Categories Қаржы

Қазақстанда неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылуы мүмкін

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) неврологиялық ауруларға қарсы жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыруға қосылады. Бұл бастама неврологиялық аурулары бар пациенттерге диагностика, емдеу және күтім көрсетуге қолжетімділікті жақсартуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға және өмір бойы ми саулығын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Неврологиялық аурулардың таралу деңгейінің артуына байланысты бұл бастама өзекті болып отыр. Қазақстанда Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттер санының өсуі байқалады. Сонымен қатар инсульт, деменция, эпилепсия, бас аурулары және диабеттік нейропатия неврологиялық мүгедектіктің негізгі себептерінің қатарында қалып отыр.

2026 жылғы 9–10 маусымда Астанада ДДҰ Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Неврологиялық жағдайлар – қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдығы: эпилепсия және басқа да неврологиялық бұзылыстар жөніндегі ДДҰ-ның 2022–2031 жылдарға арналған сектораралық жаһандық іс-қимыл жоспарын енгізуді жеделдету» атты ұлттық семинар өткізіп жатыр. Семинар барысында мемлекеттік органдардың, медициналық қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың және пациенттік бірлестіктердің өкілдері неврологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету жүйесін жетілдіру шараларын талқылайды. Қаржыландыру мәселелеріне, кадрларды даярлауға, қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне интеграциялауға, ақпараттық жүйелерді дамытуға және неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімін құруға ерекше назар аударылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанда ДДҰ-ның Жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасына ұсыныстар әзірленіп, сектораралық өзара іс-қимылдың алдағы қадамдары айқындалады. Семинарды өткізу өңірдің денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға бағытталған Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдау жөніндегі жол картасының мақсаттарына да сәйкес келеді.

Ұқсас жазбалар

Колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен колледждерге құжат қабылдау мерзімдері нақтыланды. Қабылдау комиссиясы 10 маусымнан кешіктірілмей құрылады.

Серік Жұманғарин: Қазақстандықтардың негізгі табыс көзі – еңбек нарығы

Қазақстандықтардың ақшалай табысының үштен екісі жалдамалы еңбектен түседі. Бұл тұжырым Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды.

Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 160,4 млрд теңге төледі

Қазақстандағы сақтандыру төлемдерінің көлемі айтарлықтай өсті. Сақтандыру компаниялары 2026 жылдың басынан бері 160,4 млрд теңге…