Қоғам

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе науқаны 15 қыркүйекте басталады

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады. Медициналық ұйымдар 3 қыркүйекке дейін екпе алуға жататын азаматтардың тізімін дайындауы тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен тұмау жұқтыру қаупі жоғары топтар екпе алады. Оларға жас балалар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, қарт адамдар және созылмалы аурулары бар азаматтар жатады. Сондай-ақ жабық мекемелер мен әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратындарға да екпе салынады.

1 қазаннан бастап медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіледі.

Мектептерде қосымша шаралар қарастырылған. Сыныптағы оқушылардың 30 пайызы немесе одан көбі ЖРВИ-мен ауырса, оқушылар қашықтан оқуға көшеді. Ал балабақшаларда бірнеше бала ауырған жағдайда топтағы оқу-тәрбие жұмысы уақытша тоқтатылады.

Көп оқылғандар