Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада жол-құрылыс жұмыстарына байланысты 12 автобус бағытының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«City Transportation Systems» ЖШС мәліметінше, өзгерістер №15, 15А, 19, 29, 29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55А және 121 бағыттарына қатысты болмақ.
«Қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген уақытша өзгерістерді ескере отырып, жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады», делінген компания хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Арқар көпірі уақытша жабылған болатын.
