Спорт

Азиада-2026: Семсерлесушілер 10-шы алтынды жеңіп алды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті. Семсерлесудің сапы бағдарламасында ерлер құрамасы жарыс жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, бас жүлде үшін тартыста жеңіске жетті. Бұл – отандық семсерлесушілердің Азиада тарихындағы үшінші алтыны. Бұған дейін ұлттық құрама Хиросима-1994 және Пусан-2002 Азия ойындарында чемпион атанған.

Қазақстан құрамасының Азиададағы нәтижелері:

Спортшылар 1/8 финалда Қатарды 45:27 есебімен, ширек финалда Сингапурды 45:36 есебімен жеңді. Жартылай финалда Гонконг құрамасынан 45:34 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, жекелей сында күміс жүлде иеленген Кирилл Проходов және Ерлік Сертай өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, Азия ойындарында ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені марафоншы Ясмина Тоқсанбаева салды.

Көп оқылғандар