Сурет: aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға әкесі Король V Харальдтің дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеделхатта Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болғаны атап өтілген. Ол ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет еткені, халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленгені айтылған.
