Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі аза тұту күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының жұмысын реттеу, интернет-ресурстарды және мемлекеттік органдардың ресми сайттарын ресімдеу жөніндегі ұсынымдарды дайындады.
Министрлік БАҚ басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ұсынылған ұсынымдарды басшылыққа алуға және жалпыұлттық аза тұту күніне қатысты заңнамада көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.
