Сурет: ҚФФ
Бүгін, 16 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді. Астанадағы «Астана Арена» стадионында отандастарымыз Словакия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Матч сағат 20:00-де басталады. Қазақстан – Словакия ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Соңғы тур алдында Словакия 11 ұпаймен топ көшінде келе жатыр. Молдова құрамасының еншісінде 7 ұпай, Фарер аралдарында – 5 ұпай. Қазақстан құрамасы 2 ұпаймен соңғы орында тұр.
Қазақстан мен Словакия 29 қыркүйекте Кошицеде кездескен болатын. Сырт алаңдағы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, алдыңғы турда Қазақстан сырт алаңда Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберді. Ал Словакия өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті.
Мазмұнға өту
