Спорт

Қазақ балуандары Таиландта екі алтын медаль жеңіп алды

Сурет: ҰОК

Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы болып грек-рим күресінің балуандары бозкілемге шықты. Қазақстан құрамасы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды: Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, балуандар бәсекесі 22 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша рейтингі жаңарған Біріккен күрес әлемінің (UWW) үздіктер тізімінде еліміздің бірнеше балуаны бар. Бұған дейін қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Көп оқылғандар