Шартарап

Қайрат Нұртас концертінен кейін көрермендер қоқыс жинады

Сурет: Aikyn.kz

Астанада әнші Қайрат Нұртастың концерті өтті. Іс-шара біткен соң көрермендер трибуналарда қалып қойған қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Концерт аяқталғаннан кейін акцияға қатысушылар қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді. Олар өз үлгілерімен ауқымды мәдени шаралар кезінде қоршаған орта тазалығына әркім жауапкершілікпен қарай алатынын көрсетті.

«Бүгін достарыммен бірге сүйікті қазақстандық өнерпазымыздың концертін тамашалауға келдік. Кештен жақсы әсер алдық. Концерт аяқталған соң аумақты тазартуға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл – қала тазалығына қосқан шағын үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қала тазалығын сақтау әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталатынын көрсетеді.

Көп оқылғандар