Categories Қаржы

«Орда Аймақ Плюс»: аяқталмаған үйден пәтер алуға бола ма?

Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Енді салынып жатқан үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік пайда болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Орда Аймақ Плюс» деп аталатын бұл жоба – өңірлік бағдарлама. Ол аяқталмаған құрылыстардан баспана алуға жол ашады. Басты мақсат – тұрғын үй нарығындағы сұранысты қанағаттандыру және құрылыс саласын қолдау.

Бағдарлама бойынша үлескерлер құрылыс компанияларымен тікелей шарт жасаса алады. Бұл делдалдардың қатысуын азайтып, бағаны төмендетуге ықпал етеді.

«Біздің мақсатымыз – халықтың қолжетімді баспанаға деген сұранысын өтеу. «Орда Аймақ Плюс» – осы бағыттағы маңызды қадам», – деді Құрылыс министрлігінің өкілі.

Жоба алдымен бірнеше өңірде сынақтан өтеді. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысы да бар. Егер нәтижесі оң болса, бағдарламаны бүкіл елге тарату жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін…

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…

Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты: зейнетақы жинағынан салық алынбайды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Бұрын төленген салық…