Спорт

Ясмина Тоқсанбаева Азиадада тоғызыншы алтын жүлдені жеңіп алды

Сурет: Арлан Олжабай

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін спорттық жүрістен 42,195 шақырым марафонда Ясмина Тоқсанбаева Азиада чемпионы атанды. Ол мәреге 3 сағат 22 минут 20 секундта жетті.

Күміс жүлдені Қытай өкілі Даньцзэн Цюйцзун 3 сағат 26 минут 09 секундта алды. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі.

Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.

Жеңіл атлетикадан Азиадада отандастарымыз әзірше 1 күміс, 2 қола жүлдені иеленіп отыр.

Осы аптада Азиадада жетісайыстан 20 жылдан кейінгі үзілістен кейін Алина Чистякова ел қоржынына жүлде салды.

Көп оқылғандар