Әлем

Норвегия королі V Харальд 89 жасында қайтыс болды

Сурет: Report

Норвегия королі V Харальд 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы король сарайы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сарайдың хабарлауынша, король 28 тамыз, жұма күні сағат 06:35-те Ослодағы Rikshospitalet университеттік ауруханасында қайтыс болған. Соңғы күндері монархтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханада жатқан еді. Осы кезеңде оның міндеттерін тақ мұрагері Хокон атқарды.

V Харальд 1937 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. Ол 1991 жылы әкесі V Улаф қайтыс болғаннан кейін Норвегия тағына отырды. Корольдің мұрагері – 53 жастағы Хокон.

Бұған дейін Radio Caroline радиостанциясы қателесіп, король III Чарльздің қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатын.

Көп оқылғандар