Сурет: ашық дереккөз
АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың АҚШ құрамына енуі туралы мәлімдемесін тағы да қайталап, бұл тақырыпты сауда дауларында саяси және экономикалық қысым құралы ретінде пайдаланып келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Ақырында олар АҚШ-тың 51-штатына айналады, өйткені мәселені шешудің жалғыз жолы – осы. Бізге олар қажет емес, ал біз оларға қажетпіз», деді Трамп.
Сондай-ақ ол АҚШ-тың құрамына кірмейтін елді қолдауға Вашингтонның жыл сайын 80-100 млрд доллар жұмсайтынына күмән келтіріп, бұл жағдайды Гренландия мәселесімен салыстырды.
Канада билігі мұндай мәлімдемелерді дәйекті түрде жоққа шығарып келеді. Бұрынғы премьер-министр Джастин Трюдо да, қазіргі премьер-министр Марк Карни де Канаданың егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау ұстанымын білдірген.
Трамптың мәлімдемелері екі ел арасындағы сауда қатынастары мен саяси пікірталастар аясында айтылып отыр. Алайда Канаданың АҚШ-тың 51-штатына айналатыны туралы ресми келісім де, мұндай өзгерістің бекітілген мерзімі де жоқ.
Еске салайық, Дональд Трамп биыл Канада тауарларына қосымша 50% баж салығын енгізген болатын.
Мұнан кейін АҚШ президенті Канада Еуропалық одақтың қауымдастырылған мүшесі болған жағдайда, Вашингтон Еуропамен сауданы шектеуі мүмкін екенін айтты.
Мазмұнға өту
