Жайық news

БҚО спортшысы Нұрымжан Ғаббасов әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының спортшысы Нұрымжан Ғаббасов жағажай самбосынан әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионаты 11–13 қыркүйек аралығында Бразилияның Карагуататуба қаласында өтті. Халықаралық додада Қазақстан атынан Нұрымжан Ғаббасов сынға түсіп, үшінші орынды еншілеп, қола жүлдегер атанды.

Бұл медаль спортшының табанды дайындығы мен әлемдік аренадағы лайықты өнерінің нәтижесі. Осындай деңгейдегі чемпионатқа қатысу Нұрымжан Ғаббасовқа самбосының қарқынды дамып келе жатқан бағытында Қазақстанды лайықты таныстыруға мүмкіндік берді.

Көп оқылғандар