Қаржы

Астанада көмір бағасы: Шұбаркөл – 19 500 теңге

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанада көмірдің орташа бағасы жарияланды. Қала әкімдігінің мәліметінше, отын 14 нүктеде сатылып, 10 қоймада сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сату орындары қажетті инфрақұрылыммен және техникамен жабдықталған. Бұл нүктелерде көмірді 8 компания сатады.

Қазіргі бағалар: Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 19 500 теңге, Қаражыра – 18 800 теңге, Майкүбі – 16 800 теңге.

Көмір мына мекенжайларда сатылады: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Герцен көшесі, 6Б, Көктал көшесі, 28, Көктал көшесі, 28/2, Мақат көшесі, 4/1, Мақат көшесі, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Дулатов көшесі, 182/1, 70-өтпе жол, №9А, ЖЭО-2, 101-көше, 30Б және Литейная көшесі, 44.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 109 жедел желісі жұмыс істейді. Бұл нөмір арқылы көмір бағасы мен сату орындарындағы отынның бар-жоғы туралы ақпаратты жедел алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ биылғы жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді.

Биылғы мамырдан тамызға дейін ҚТЖ 19,5 млн тонна көмір тасымалдады, оның ішінде ЖЭО-ға 18,3 млн тонна, тұтынушыларға 1,2 млн тонна жеткізілді.

Көп оқылғандар