Сурет: Астана әкімдігі
Астанада демалыс күндері ауа райы күрт суытады, түнде температура +9 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін елордада ауа +24 градусқа дейін жылынса, жексенбіде, 30 тамызда, күндіз +19, түнде +9 градус болады.
Жұма күні бұлтты әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +24, түнде +17 градусқа жетеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3 метр, екпіні 7 м/с-қа дейін жетеді.
Сенбіде ауа райы құбылмалы бұлтты, кей уақытта күн ашылады. Аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз температура +20 градусқа дейін көтеріліп, түнде +12 градусқа дейін төмендейді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері күз мезгіліне арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын.
