Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан сынға түскен Ерлан Тасмағамбетов 54,69 ұпаймен қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ерлер құрамасының тағы бір мүшесі Роман Барков іріктеу кезеңінде 56.64 ұпай жинап, алтыншы орынмен финалға жолдама алды.
Финалдық сайыстың қорытындысы бойынша суперфиналға шығатын гимнастар анықталады.
Бүгін жеңіл атлетикадан финалға ерлі-зайыпты Вячеслав Земс пен Аделина Земс қатысты.
Аделина Земс 400 метрге кедергілермен жүгіруде 55.29 секунд уақытпен екінші орын алып, тек бір қарсыласына жол берді.
Осы қашықтықтағы ерлер сайысында Вячеслав Земс 50.47 уақытпен сегізінші орынға тұрақтады. Ал Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан спорттық жүрістегі марафондық қашықтықта чемпион атанды.
