Сурет: Арлан Олжабай
Жапонияның Аичи префектурасында өткен әртістік жүзу жарысында Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова техникалық және еркін бағдарлама бойынша қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екі күнге созылған жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 565.7326 ұпай жинады.
Наргиза Болатова осы бағдарлама бойынша тұңғыш әлем чемпионы атанған. Ясмин Тұяқова да тәжірибелі спортшы.
Жарыста Қытай 640.3576 ұпаймен бірінші, Жапония 601.357 ұпаймен екінші орынды иеленді.
Бұл — әртістік жүзуден Қазақстан спортшыларының жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Отандастарымыз әлі аралас командалық сайыста да өнер көрсетеді.
Бүгін еліміз үшін спорттық жүрістен жарыс сәтті басталды. Осы сында 42,195 шақырым марафонда Ясмина Тоқсанбаева Азиада чемпионы атанды.
