Сурет: ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы
Азия ойындарында жеңіл атлетика мен батуттағы гимнастикадан қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіл атлетикадан ерлі-зайыпты Вячеслав Земс пен Аделина Земс Нагоядағы Мидзухо стадионында өнер көрсетті. Аделина 400 метрге кедергімен жүгіруде 55.29 секундпен екінші орын алды. Вячеслав осы қашықтықта 50.47 уақытымен сегізінші болды.
Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан спорттық жүрістен марафондық қашықтықта чемпион атанған еді.
Батуттағы гимнастикадан ерлер құрамасы іріктеуде сынға түсті. Роман Барков 56.64 ұпаймен алтыншы, Ерлан Тасмағамбетов 54.93 ұпаймен жетінші орынмен финалға өтті. Финал қорытындысы бойынша суперфиналға шығатын гимнастар анықталады.
Семсерлесуден қылыш сайысында әйелдер құрамасы 1/8 финалда Таиландты 45:32 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Енді олар Жапониямен кездеседі. Бұған дейін семсерлесушілер осы Азиадада 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.
