Қоғам

Синоптиктер 28 тамызда бірнеше қалада ауа сапасының нашарлауын ескертті

Сурет: Pixabay.com

«Қазгидромет» 28 тамызда бірнеше қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін мәлімдеді. Мұндай кезде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, 28 тамызда Алматы, Ақтөбе және Балқаш қалаларында, ал түнде Атырау, Қарағанды және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның солтүстігі мен батысында күн салқындайды.

Көп оқылғандар