Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясының Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Екі бағдарлама қорытындысы бойынша ол 272,75 ұпай жинады. Қысқа бағдарламада 95,98, еркін бағдарламада 176,77 ұпай алды.
Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Братиславадағы ISU Challenger сериясында жаңа маусымын бастағаны хабарланған еді. Ал Азиадада бүгін спорттық жүрістен 42,195 шақырым марафонда Ясмина Тоқсанбаева Азиада чемпионы атанса, әртістік жүзудің техникалық және еркін бағдарлама бойынша Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова қола медальге ие болды.
