Басты тақырып

Оман Сұлтаны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақордаға сілтеме жасап хабарланғандай, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.

Көп оқылғандар