Басты тақырып

Машинист 4 жасар баланы пойыздан құтқарып қалды

Сурет: Видеодан скрин / ЖИ

Жүк пойызының машинисі теміржол бойындағы далада жалғыз жүрген 4 жасар баланы байқап, оны қауіпсіз жерге алып барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 20 қыркүйекте Тауарасы – Айнабұлақ аралығында тіркелген. Бұл жер Жетісу облысындағы Сарыөзек – Үштөбе теміржол желісінің бойында орналасқан. Пойыз шамамен сағатына 38 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда, машинист рельс бойында жүрген баланы көріп қалған.

Ол дереу тежеу жүйесін іске қосып, пойызды тоқтатқан. Содан кейін баланы локомотив кабинасына алып, қауіпсіз жерге жеткізген. Айнабулақ станциясына жеткен соң бала кезекшіге тапсырылды. Кезекші оның ата-анасымен байланысқа шыққан.

Төрт жасар баланың теміржол маңындағы далада жалғыз өзі қалай жүргені әзірге анықталып жатыр.

Еске салайық, биыл наурыз мерекесінде Атырауда 78 бала жоғалып кеткен.

Көп оқылғандар