Сурет: Aikyn.kz
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды.
Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген лауазымды тұлғалар анықталды. Олар метеорологиялық жағдайларды ескермей, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдамаған, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдар қаза болған.
Тергеу барлық күдіктінің әрекетіне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.
