Сурет: ашық дереккөз
Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында қатты желден үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кетті. Құтқарушылар оларды аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға өткен түні Каспий жағалауында болды. Қатты желдің әсерінен қайықтағы үш адам теңізге қарай алыстап кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үш адам табылып, жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ тұрғындар мен демалушыларды жел күшейген кезде суға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюінен әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен. Барлығы 17 әскери қызметші теңізге түсіп, оның 14-і қаза тапты. Үш әскери қызметші құтқарылды.
