Қаржы

Люксембург әуе компаниясы Қазақстан арқылы жүк тасымалын қайта бастайды

Сурет: logistan.info

Еуропаның ірі жүк тасымалдаушысы – Люксембургтің Cargolux Airlines International компаниясы 1 маусымнан бастап Қазақстан арқылы транзиттік рейстерін қайта жандандырады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Компания бастапқыда аптасына бір рейс орындайды. Жүк тасымалы Люксембург – Баку – Ақтау – Люксембург бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл шешім Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Көп оқылғандар