Қаржы

Инфляция баяулады: мамыр айында неше пайыз болды?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда 2026 жылғы мамыр айындағы инфляция 0,7 пайызды құрады. Бұл – бағаның жалпы өсу қарқынының баяулағанын көрсетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бір ай ішінде ет, сүт, жұмыртқа сияқты азық-түлік бағасы төмендеді. Ал көкөніс пен жеміс-жидек сәл қымбаттаған. Мамандардың айтуынша, бұл маусымдық өзгерістерге байланысты.

«Инфляцияның баяулауы – жақсы үрдіс. Бірақ баға тұрақтылығына әлі де мониторинг керек», – дейді экономист Нұрлан Сағындықов.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жылдық инфляция 8,2 пайызды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен.

Көп оқылғандар