Басты тақырып

FlyDubai ұшқышы бұрын экстремистік материалдармен ұсталған

Сурет: istockphoto.com

FlyDubai әуекомпаниясы ұшағының командиріне шабуыл жасаған екінші ұшқыш бұған дейін экстремистік мазмұндағы материалдармен ұсталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ABC News мәліметінше, 2024 жылы Oman Air компаниясында тағылымдамадан өткен 29 жастағы Оман азаматы Хамам Аль-Хаммамиден экстремистік сипаттағы материалдар табылған. Осы оқиғадан кейін ол бір жыл бойы ұшу жұмыстарынан шеттетіліп, алайда авиакомпанияда әкімшілік қызметте жұмысын жалғастырған.

Қазір тергеушілер оның ұшуға қайтадан қалай рұқсат алғанын және Израильге бағыт алған рейстің екінші ұшқышы ретінде қалай тағайындалғанын анықтап жатыр.

ABC News тергеу барысынан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап, Аль-Хаммами ұшақты апатқа ұшыратқысы келгенін айтқанын хабарлады.

Айта кетейік, Дубайдан Тель-Авивке ұшқан жолаушылар ұшағы апаттық сигнал берген болатын. Кейін Израиль елшілігі Дубай – Тель-Авив рейсіндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Көп оқылғандар