Сурет: ашық дереккөз
Сауд Арабиясы Flydubai әуе компаниясының рейсінде болған оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізуді бастады. Мамандар бұл жағдайдың әуе қатынасы қауіпсіздігіне ықтимал әсерін зерттейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тексеру Біріккен Араб Әмірліктері жүргізіп жатқан қылмыстық тергеумен қатар жүргізіледі. Халықаралық ережелерге сәйкес, әуе компаниясы Дубайда орналасқандықтан, тергеу процесіне Әмірліктер автоматты түрде тартылады.
Еске салайық, Flydubai компаниясының Boeing ұшағындағы төтенше жағдай 30 қыркүйекте болған. Әуе лайнері Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған.
Экипаж дабыл белгісін беріп, ұшақты басып алуға әрекет жасалуы мүмкін екенін білдіретін кодты іске қосқан. Осыдан кейін ұшақ күрт төмендеп, бағытын өзгерткен. Жолаушылар мен бортта болған қосалқы ұшқыштардың көмегімен лайнер Сауд Арабиясына қонуға мәжбүр болған. Қону кезінде ұшақтың құйрық бөлігі зақымданған.
Күдікті – компанияның екінші ұшқышы, Оман азаматы Хамам әл-Хаммами. Ол кабинадағы апаттық балтамен ұшақ командиріне шабуыл жасап, әуе кемесін басқаруды өз қолына алуға әрекеттенген.
БАӘ Бас прокуратурасы бұл оқиғаны террорлық акт жасауға әрекет ретінде саралады.
Бұған дейін Flydubai ұшқышы Тель-Авивке шабуыл жасауды жоспарлағанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Израиль елшілігі Дубай – Тель-Авив рейсіндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
